Наблюдательный совет

      1.«Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының» 2020 жылғы 27 шілде айындағы «Байқау кеңесінің құрамын бекіту туралы» № 278–н бұйрығына сәйкес, Байқау кеңесі мүшелерінің құрамы қайта бекітілді:

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының дамыту бағдарламаларын мониторингілеу, медициналық жабдықтар бөлімінің басшысы: Тәжімұрат Ермек Атшыбайұлы;

Түркістан қаласы «Ибн Сина» ЖШС бас есепші Сапаев Хамдам Юлдашевич;

«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары

орталығының» РМҚК филиалы «Түркістан облысы бойынша Сот – сараптамалары институты» мемлекеттік сатып алу есепшісі Даменов Акат Есенбаевич;

«Түркістан» қалалық газеті ЖШС директор – редакторы Давлетов Малик Джумаханович.

2. 29.07.2020ж. бірінші Байқау кеңесінің отырысындағы № 1 хаттамасына сәйкес, Байқау кеңесінің төрағасымен хатшысы бекітілді.

Төраға - Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының дамыту бағдарламаларын мониторингілеу, медициналық жабдықтар бөлімінің басшысы Тәжімұрат Ермек Атшыбайұлы;

Хатшы - «Түркістан қалалық емханасының» аға кадр инспекторы Божбанбай Салтанат Жанболатқызы.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 58/2020 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау саласындағы байқаушы кеңеспен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік басқару органының атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органның функцияларын жеке-дара орындайтын басшының бос лауазымына конкурс өткізу ережесіне» сəйкес, Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының «Түркістан қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кəсіпорнының бас дəрігері лауазымына конкурс жариялау, «Оңтүстік Қазақстан» бұқаралық ақпарат газетіне осы жылдың 25 тамызында жариялауын,

Конкурс өтетін орны: Түркістан қаласы Айналма тас жолы 24 ғимарат, «Түркістан қалалық емханасы», 2 қабат, мәжіліс залында өткізілуін 20.08.2020ж. № 2 хаттамалық шешімімен бекітілді.

4.Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Түркістан қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері лауазымына конкурсқа түскен үміткерлердің біліктілігін бағалау, біліктілік талаптарын, құжаттарын қарап, конкурсқа қатысып әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдау 10.08.2020ж. № 3 хаттамасына сәйкес,

1.Исахова Сауле Серикбаевнаны;

2.Тасырбаев Райымбек Бериковичті;

3.Елеусизова Бахыт Каблановнаны әңгімелесуге кандидаттарды жіберуге

шешім етті.

Сұхбат келесі кезеңдерден тұрады:

1) Кәсіпорынның дамуы туралы презентация;

2) кандидаттың құзыреттілігін бағалау.

Кәсіпорынның дамуымен таныстыра отырып, үміткер Кәсіпорынның негізгі мәселелеріне және оларды шешудің ұсынылған шараларына талдау жасайды.Құзіреттілікті бағалау кезінде негізгі нормативтік құқықтық актілер, денсаулық сақтау саласының мемлекеттік бағдарламалары, денсаулық сақтау саласының қазіргі проблемалары және оларды шешу бойынша қабылданған шаралар туралы білім деңгейі анықталуы.

 

Шақырту

 

Түркістан қалалық емханасы

С. Исаховаға,

Р.Тасырбаевқа,

Б.Елеусизоваға

 

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Түркістан қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны Байқау кеңесінің 25 тамыз 2020 жылы «Южный Казахстан» газетінің №95 (20.342) басылымына «Түркістан қалалық емханасының» бос тұрған бас дәрігер лауазымына жариялаған конкурсы бойынша, Байқау кеңесі мүшелерінің дауыс беру жолымен біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы отырысы өткізілді.

1. Осыған орай, Байқау кеңесінің шешіміне сәйкес, Сіз конкурстық әңгімелесуге жіберілгендігіңіз жөнінде және 2020 жылғы 14 қыркүйек сағат 12.00 –де Түркістан қаласы, Айналма Тас Жолы, 24 ғимаратта орналасқан Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының «Түркістан қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кəсіпорнының мәжіліс залында өтетін бос лауазымға орналасу туралы әңгімелесу отырысына қатысу қажеттігін хабарлаймыз.

2. Әңгімелесу барысында кәсіпорынның дамуы туралы презентация және кандидаттың құзыреттілігі бағаланатындығын мәлімдейміз.

3. Конкурсқа электронды тапсырылған құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей тапсырылу керек. Егер өткізілмеген жағдайда кандидат әңгімелесуге жіберілмейтіндігін назарларыңызға саламыз.

 

 

Байқау кеңесінің төрағасы Е.Тәжімұрат