Қабылдау бөлімі: +7 725 333 51 89 Электрондық пошта: goz_turcestan@mail.ru
Анықтамалық-тіркеу бөлімі: +7 725 333 51 87

«Біліңіз-ұзақ өмір сүріңіз» марафонымыз өз жалғасын табуда

Түркістан қалалық емханамызда 2020 жылдың ақпан айының 7 жұлдызы күні бастау алған «Біліңіз-ұзақ өмір сүріңіз» марафонымыз өз жалғасын табуда. 30 тұрғынға СМАРТ БРАСЛЕТ тапсырылған болатын. Қазіргі таңда Салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Ақнұр Әлханова науқастармен арнайы 3 топ құрып, арнайы чат ашылып күнделікті тапсырмалар, дұрыс тамақтану диеталары, ережелер ұсынылып отыр. Науқастардың қазіргі жағдайы көңіл қуантарлық. АҚҚ тұрақталуда, пульсі және жаяу қашықтықта жүру, жаттығу жасау, дене салмағын төмендету бойынша науқастармен белсенді орындалып отыр. Бүгінгі күні науқастарымызды емханамызда орналасқан тренажор залымызда дәрігер реабилитолог Ардақ Шенгелбаева арнайы жаттығулар көрсетті. 20 күнді қорытындылап : Серікбаева Күлханыс АҚҚ 110/70, салмағы 73, бұрынғы салмағы – 83, бойы 1.63см Баймаханова Зоя – АҚҚ 130/70, салмағы – 70, бұрынғы салмағы – 71, бойы 1.64см Ахметова Базаркул – АҚҚ 110/60, салмағы – 63, бұрынғы салмағы – 64, бойы 1.56см Абдуллаұлы Абдусамат – АҚҚ 140/100, салмағы – 84, бұрынғы салмағы 87, бойы 1.66 Каппарова Айсұлу – АҚҚ 140/90, салмағы – 97, бұрынғы салмағы – 97, бойы 1.67

Байланыс ақпараты